Конституция – ел бірлігін нығайтатын, ортақ құндылықтарды айқындайтын маңызды құжат. Оның әр бабы мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті көрсетеді. Сондықтан Ата Заңға құрметпен қарау – әрқайсымыздың парызымыз.
Меніңше, Конституция тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлер үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін маңызды. Өйткені онда біздің өмір сүру құқығымыз, білім алу, еңбек ету, еркін пікір білдіру сияқты негізгі құқықтарымыз нақты көрсетілген. Осындай құқықтық негіздің болуы – болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі де Конституция талаптарының сақталуына тікелей байланысты. Сондықтан Ата Заңымызды құрметтеп, оның құндылықтарын күнделікті өмірде басшылыққа алуымыз қажет деп ойлаймын.
#АтаЗаң #Конституция #Бірлік #Тұрақтылық



