Конституция – әділетті қоғамның берік іргетасы.

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа тарихи кезеңіне жол ашқан маңызды құқықтық құжат. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтіп, басқару жүйесінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету.

Бұл құжат арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақтылай түсті. Халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейіп, қоғамдық бақылаудың рөлі артты. Мұның барлығы демократиялық қағидаттарды нығайтып, әділетті қоғам құруға негіз болады. Жаңа Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол елдің болашақ даму бағытын айқындайтын берік іргетас.

#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ҚұқықтықРеформа #ЗаңҮстемдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT