Конституция – ауыл дамуының кепілі.

 

Конституция – елдің ең басты заңы, барша азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын негізгі құжат. Ауыл тұрғыны ретінде мен үшін Конституцияның маңызы зор. Себебі ауылдың әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылымның дамуы, білім мен медицина сапасы – бәрі де заң аясында жүзеге асады.
Біздің Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы – әр азаматтың тең құқылы екенін бекітеді. Ауылда тұратын халықтың да қала тұрғындарымен бірдей мүмкіндігі болуы тиіс. Жолдың жөнделуі, таза ауызсу, интернеттің қолжетімділігі, жастарға жұмыс орындарының ашылуы – мұның бәрі мемлекеттік саясаттың әділ жүргізілуіне байланысты.
Конституцияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың сақталуы – тұрақтылық пен бірліктің негізі. Заң үстемдігі сақталса, ауыл да көркейеді, ел де дамиды. Сондықтан әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындауы қажет деп ойлаймын.

#Конституция
#АтаЗаң
#АуылДамуы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT