Сарытоғай ауылдық мәдениет үйінде «Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік – жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет» тақырыбында Махамбет ауданы полиция бөлімі Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Сапарғалиева Арайлым Абайқызының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, сталкинг пен қудалаудың жауапкершілігі, заң аясындағы жазалар туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары мен қиын жағдайға тап болған кезде қайда жүгіну керектігі жөнінде нақты ақпарат берілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Отбасылық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алу – қоғам міндеті
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 16



