Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

Құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Көлікті масаң күйде жүргізушілер қатары азаяр емес.

Махамбеттік азамат көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2021 жылғы 22 сәуірде 2 сағат 10 минут шамасында «Атырау-Индер» тас жолының 70 шақырым тұсында көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық сотта құқық бұзушыға қатысты әкімшілік ісі қаралды. Сот отырысына «WhatsАрp» мобильді қосымшасы арқылы қатысқан құқық бұзушы кінәсін толықтай мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы мән-жайды қуаттап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT