Махамбет аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, азамат А. көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушi бола тұра, көлік құралын Атырау-Орал тас жолы 18 шақырым тұсында басқарған.
Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан А. өз түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, өзіне әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 102 095 (бір жүз екі мың тоқсан бес) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
"Жайық-Ақпарат"
Сурет:дереккөз