Қол күрестен – қос алтын

Армрестлингтен Махамбет ауданынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Рахия Молдашеваның ізін жалғаған жастар да аталған спорт түрінен жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Жуырда армрестлингтен жастар арасында Атырау қаласының ашық чемпионатына қатысқан жерлестеріміз жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, жігіттер арасында 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Болат пен қыздар арасында 60 келіден жоғары салмақта Дана Сәлімжан І орынды жеңіп алып, ау­дан абыройын асқақтатты. Енді олар Алматы қаласында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT