«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтпекші

Атырау облысының әкімі–облыстық азаматтық қорғаныс бастығы М.Ж.Досмұхамбетовтің 19.02.2020 жылғы 32-05-10/1392 нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 25-26 ақпанда Махамбет ауданында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2020 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйелерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

Осыған байланысты әкімдіктің мәжіліс залында 21 ақпанда Махамбет ауданының әкімі - аудандық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы Ж.Ахметовтің төрағалығымен кезектен тыс мәжіліс өтті.

Бас қосуға аудандық Азаматтық қорғаныс қызметтері мен құралымдардың бастықтары, мүдделі мекемелер басшылары қатысып, республикалық масштабта өткізілгелі отырған оқу-жаттығу жиынына дайындық барысы пысықталды.

Аудан әкімі Ж.Ахметов аталмыш шараға жұмылдырылатын күш-құралдардың нақты есебін шығарып, жеке құрамдарды, техникаларды дайындыққа келтіру туралы мекемелер басшыларына тапсырмалар жүктеп, жауапты қызмет басшыларына жаттығуды бірігіп, жауапкершілікпен өткізуге шақырды.

Нұрболат Бердіғалиев,

Махамбет ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру,

жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет

сапасын бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз