«Көктем-2020» оқу-жаттығуы өтті

Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті.

Биыл еліміздің батыс өңірінде, әсіресе, Атырау облысында қардың түсуі жылдағы мөлшерден тым аз болғаны рас. Алайда орталық, солтүстік, шығыс Қазақстан облыстарында керісінше, қар деңгейі өткен жылға қарағанда 4-есеге көп болып отыр. Осыған орай мезгілдік су тасқыны апатының алдын-алу мақсатында республикалық «Көктем-2020» оқу-жаттығу жұмыстары ақпан айының 25-26 күндері барлық облыстар мен аймақтарда өткізілді. Бұған Махамбет ауданынан да 38 техника мен 100-ден аса адам саны жұмылдырылып, апатты аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

j

j

Маңайындағы мыңдаған халықтың өзегін талдырмай отырған «Жайық» өзені суының жылдан-жылға азайып бара жатырғанын экологтар да, тұрғындар да дабыл қағып айтып жатыр. Бір кездері көктем келсе, арнасына сыймай асып-тасып, бойындағы балығы тулап жататын ақ Жайық бүгінде тартылып, көз алдымызда құрып барады. Әйтсе де, сақтықта қорлық жоқ деп, «Көктем-2020» оқу-жаттығуы барысында мамандар жағалаудағы апатты аумақтарды белгілеп, жасанды бөгет салу жұмысына жұмыла кірісті.

j

j

Оқу-жаттығу жиыны барысында әрбір іс-әрекет жоспарға сай, белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, алдымен аудандық әкімдік ғимаратында су тасқыны уақытында мамандар мен жедел топ құтқарушыларына бағыт-бағдар беріп, апатты аймақтарды анықтап, техника мен адамдар күшін жұмылдырып отыратын арнайы штаб құрылып, шұғыл жиын өткізілді. Одан кейін негізгі 4 жағдаяттың алғашқысы саптық даярлықта ауданға қарасты барлық коммуналдық, мемлекеттік мекемелер, төтенше жағдай ұйымдары, медицина, құқық қорғау саласының мамандары, өрт сөндірушілер, санэпидимиологиялық станса қызметкерлері, ақпарат саласының өкілдері, сондай-ақ алғашқы уақытта азық-түлік т.б тұрмыстық бұйымдармен қамтамасыз ететін кәсіпкерлердің арнайы қоры және қосымша күшке жұмылдырылған «Ұлттық ұланның» жауынгерлері де осы қатардан табылды. Іс-шара барысын бақылауға келген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен аудан әкімі Ж.Бахуұлы мамандардың дайындығын, техникалық жабдықталуын толықтай тексеріп, кемшіліктерімен артықшылықтарын айтып өтті.

jattygy2702202

Жарылған жағалауды бекітті

Екінші жағдаяттың басы-қасында жүріп, ұйымдастыру жұмыстарын атқарған «ҚазСушар» Атырау филиалы, төменгі Жайық өндірістік учаскесінің басшысы Бейбіт Бисалиевтің баяндауы бойынша:

- Жалғансай ауылдық округінің теңгерімінде орналасқан Бақсай каналына су айдайтын насос станциясының жар қабағы апатты жағдайда тұр. Көктемгі су тасқыны орын алатын болса, жар қабағы құлап, қос ауданды сумен қамтып отырған станса істен шығуы мүмкін. Сондықтан оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, апатты аймақта 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, аудандық жедел-құтқару тобының техникалық-авариялық құрамы, қоғамдық тәртіп сақтау өкілдері мен медицина мамандары жағалауды бекіту жұмыстарын жасап жатыр. Жалпы көлемі жағалауға 8500 қап құм топырақ салынуы керек болса, кешке дейін жоспардың жартысын орындап бітіруді көздеп отырмыз.

jattygy2702207

j

Кәріз суы арнасынан тасығалы тұр

Үшінші жағдаятқа сәйкес жедел құтқару тобы Махамбет ауылдық округіне қарасты кәріс суларының булану аймағына барып, бірқатар жұмыстарды атқаруы керек болатын. Оны бақылаушы аудан әкімінің орынбасары Зұлхарнай Мұқашевтың айтуынша:

- 4 гектардай жерді алып жатырған кәріз суларының булану аймағына 80 пәтерлік 1 үйдің, 60 пәтерлік 2 үйдің, қосымша салынып жатырған 60 пәтердің қалдық сулары сыймай, арнасынан асқалы тұр. Су тасқыны болған жағдайда осы кәріз суы, келген таза сумен араласып кетпеуі үшін арнайы бөгет жасап, қосымша аумақты дайындап жатырмыз. Бұл бір жағынан жоспарға сай жаңадан салынатын булану аумағының жұмыстары басталғанша бізге аса қажетті болып отыр.

jattygy_2702208

Ауылымыз жылдан-жылға кеңейіп келе жатырғандықтан кәріз сулары мен тұрмыстық қалдықтардың да екі-үш есе көбейтіндігі ескеріліп, жаңа проект облыстық құрылыс басқармасында қаралуда. Бұл жолғы оқу-жаттығу барысында біз көктемгі су тасқынына дайындығымызды пысықтап, іс-тәжірибеден өткіздік. Бір ғана булану аумағының өзіне жергілікті полиция қызметінің 3 автокөлігі, 10 жасағы, санэпед лабороториясының мамандары мен құрал-жабдықтары, аудандық төтенше жағдай бөлімшесінің қызметкерлері, «West Dala» мекемесінің 3 самосвал көлігі, ИП «Гумаровтың» 1 бульдозер, 1 самосвал, 1 погрузчик, 1 вакуум және 1 арнайы техникасы, 70 адамнан құралған жасақ жұмылдырылды.

2

2

Тұрғындар қауіпсіз аймақта

Практикалық оқу-жаттығудың соңғы кезеңі – су тасқыны уақытында адамдарды қауіпсіз аймақтарға орналастыру, яғни эвакуациялау болып табылды. Бұған Жаңауыл мөлтек ауданындағы 50 шақты тұрғын арнайы көлікпен қауіпсіз аймаққа жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, алғашқы медициналық көмек те көрсетілді. Ауыр жараланғандарды жеткізу үшін келген жедел жәрдем көлігі де көп күттірмеді. Мамандар өз ісін барынша тиянақты, шапшаң атқарып, табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуден аянбады.

Түйін:

Халқымыз су мен өртті қашанда тілсіз жауға теңейді. Онысы бекер емес. Жыл сайын еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан су тасқындары мен алапат өрт салдарынан мыңдаған адамдар мен табиғат зардап шегуде. Иә, апат айтып келмейді. Әйтсе де соның алдын алып, тұрғындарды да, техниканы да сақадай сай етіп дайындап қою - сала мамандары мен басшыларға жүктелген басты міндет.

Айнұр САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521