Күміс волонтерлер бас қосты

Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында Азаматтық орталықтың бастамасымен ұйымдастырылған «Біз таңдаған жол» тақырыбындағы іс-шаралар өз мәресіне жетті. Қорытынды жиын «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткізіліп, оған облысқа қарасты жеті ауданнан 40-қа жуық күміс волонтер қатысты.

Шара аясында «Біз таңдаған жол: жақсылыққа бағыт» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, оны жур­налист, медиа-тренер, сондай-ақ 2020 жылдан бері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе және Ба­тыс Қазақстан облыстары бойынша штаттан тыс тренері болып санала­тын Салтанат Оңғар жүргізді. Се­минар барысында қатысушыларға көшбасшылық, эмоционалдық ин­теллект, сенімді сөйлеу дағдылары, келісімшарт жүргізу, тиімді ком­муникация, харизма, дағдарыс кезеңіндегі коммуникация сияқты бағыттар бойынша шеберлік сағаттары ұсынылды. Сонымен қатар медиа-тренер волонтерлік бастама­ларды ілгерілету мен командамен тиімді жұмыс жүргізу тәсілдері тура­лы тәжірибесімен бөлісті.

Волонтерлік қозғалыстың даму­ына серпін беру, қатысушылардың кәсіби құзыреттерін арттыру және қоғамда волонтерлік қызметтің маңызын көтеру мақсатында ұйымдастырылған жиын барысында «Үздік күміс волонтер» жобасының жеңімпаздары арнайы марапаттал­ды. Семинар-тренингке қатысқан барлық волонтерлерге сертификат­тар ұсынылды.

Жоба бағдарламасына сәйкес, қатысушылар «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығына экскурсия жасап, ондағы археологиялық және этнографиялық мұралармен жан-жақты танысты. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерді тамашалап, жаңғыртылған орталықтың көрме залдарын аралап көрді.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT