Көліктегі өрт қауіпсіздігі

Өрттің шығу себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алады. Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық мате­риалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді.

Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, шылым шегу, сайып келгенде, көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Жолда жүргенде өрттің болу қаупін байқаған жағдайда дереу автокөлікті тоқтатып, салондағы барлық жо­лаушыларды автокөліктен сыртқа шығару қажет. Қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан от алмай қалған машинаның қозғалтқышына ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жы­лытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес. Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға болмайды. Көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Көліктің жанар- жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды. Автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да на­зар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет. Автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек екенін ескертеміз. Барлық автокөліктерде міндетті түрде өрт сөндіргіштер болуы қажет. Өрт сөндіргіштің сыйымдылығы неғұрлым үлкен болса, қажет болып қалған жағдайларда өзіңізге тиімді болады.

Сонымен қатар автокөлік иелері автокөліктердің жыл сайынғы техникалық байқаудан өту кезінде автокөліктердің кабел, (сым) жүйелеріне аса көңіл бөлуі және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуына көңіл бөлгені жөн. Төтенше жағдайлар кезінде «101» не­месе «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

Төтенше жағдайлар бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT