ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтеді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалында аудан әкімі, филиал төрағасы Р.Джанглишовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті.

Партия филиалының сайланбалы органдарының (Саяси кеңестердің, Саяси кеңестер бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) және бастауыш партия ұйымдары бюролары мен төрағаларының өкілеттік мерзімдері аяқталуына байланысты биыл есеп беру-сайлау науқаны өткізілмек.

Осыған орай «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясын 2021 жылдың 27 сәуірде күніне шақыруды, оған аудандық 52 партия мүшесінен 1 делегат өкілеттік мөлшерін белгілеуді және конференцияның күн тәртібіне 2 мәселені енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар,партия филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді.

Бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыруды қоғамдық-саяси бақылау мақсатында облыста 8 кеңес құру туралы қаулы қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT