Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі керек:
-Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
-Курсанттардан басқа адамдар 19 жастан кіші болмауы және әскери атаққа байланысты әскери қызметтегі шектік жастан бес жасқа кіші мерзімнен аспауы;
-Тиісті әскери қызметтің әскери- есепке алу мамандығына ие болуы;
-Мерзімді әскери қызметті өтеуі немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқытудан немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резервін дайындау бойынша әскери дайындықтан өтуі. Келісімшарттық қызметке қабылдау рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
-Түсуге қажетті құжаттарды жинау және қабылдау;
-Медициналық куәландырудан өту;
-Дене дайындығы деңгейінің сәйкестігін анықтау;
-Кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
-Психологиялық жарамдылыққа тексеруден өту.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде бүгінде келісімшартпен әскери қызметке ниет білдірген азаматтармен жұмыстар жүргізілуде.
Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскери борышын өтеп келген келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамды, ниет білдірген жасы 30 жасқа дейінгі әскери міндеттілерді келісімшарт бойынша қызметке шақырады.
Әрбір әскери қызметшіге отбасындағы адам басына еңбекақысынан бөлек үй жалдау үшін Атырау қаласында 30000 теңге ақша төленсе, Ақтау қаласында 40000 теңгеден ақша төленеді. 2018 жылдан бастап осы тұрғын үйге берілетін қаражат «Жилстройбанк» арқылы жинақталуда. Тегін қысқы, жазғы, салтанатты әскери киім-кешек беріледі. Әскери қызметшіге жылына бір рет 40 күндік демалыс беріледі және демалыс өтетін жеріне дейінгі және кейінгі жолына қосымша күн беріледі.
Сонымен қатар, жылдың басында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі сержанттар мен солдат лауазымдағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге де сыныптық біліктілігіне үстемақы қосылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге тілек білдіргендер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне туындаған сұрақтарыңыз бойынша хабарласуларыңызға болады.
Біздің мекен-жайымыз:Махамбет ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Абай көшесі, № 11. Байланыс телефондарымыз : 8(71236) 2-14-70, 2-18-99.
А.ӘШІМОВА,
Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі қызметкері.