Бүгін жаңа жылдың алғашқы мерекесі көрісу амалы басталды. Бұл еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған ежелгі дәстүр. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!», «Бір жасыңмен!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.
Еттен табақ тарту дәстүрі
Бас табақ — бас, жамбас салынады.
Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.
Сый табақ — сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
Орта табақ — асық жілік, кейде жамбас та түседі.
Аяқ табақ — еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
Күйеу табақ — күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады.
Келін табақ (беташар табағы) — келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
Қыздар табағы — қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
Құдағайлар табағы — құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
Жерік асының табағы — екіқабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған.
Жерік асының табағына кексе әйел болса, жамбас, жас әйел болса, асық жілік, төс, ұлтабар салынып, үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.
Толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар