Кәсіпкерлік нысандарға жан бітті

Махамбет ауданында да бүгіннен бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысына кірісіп, халықтың сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған азық-түлік емес дүкендерге жан бітті.

Көше толы сабылысқан адам. Бір айдан аса уақыт бойына төрт қабырғаға қамалған тұрғындар «тордан босап шыққан торғайдай» көшені әрлі-берлі кезіп жүр. Бірі құрылысына қажетті материалын алуға асықса, бірі киім-кешегін түгендеп алмақ ниетпен шыққандар. Далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға да рұқсат етілді.

Аудан орталығындағы «Айнара» сұлулық салонының иесі, жеке кәсіпкер Жайнагүл Мырзагелдиева кәсіпкерлік нысанды ашуға рұқсат бергендеріне ерекше қуанышты. Өйткені кәсібінің тұралап қалғаны кез келген адамға оңайға соқпасы анық.

«Сұлулық салонымды сағынып қалыппын. Үнемі үйде отыра берген де жалықтырып жібереді екен. Нысанның есігін ертемен ашып, қайшы, тарақты ала бергенімде-ақ халық келе бастады. Әрине, бәрі де алдын ала жазылып қойғандар. Санитариялық талаптарды барынша сақтауға тырысамын. Антисептик, бетперде, медициналық қолғапты күнделікті уақытта қолдануды үйрендік»,- дейді кәсіпкер.

a

Жалпы аудан көлемінде 4 мамырдан бастап 3 фотостудия, 15 аралас дүкен, 10 шаштараз және 1 тіс емханасының жұмысы қайта жанданды. Бұдан бөлек құрылыс дүкендері, көлік жөндеу мен көлік жуу орталықтары, ағаш және темір цехтары да қызмет көрсетуді бастап кеткен-ді.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT