Атырау облыстық сотының төрағасы іссапармен Махамбет ауданында болды

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов қызметтік іссапармен Махамбет аудандық сотында болды деп, хабарлайды Махамбет аудандық соттың баспасөз қызметі.

Іссапар барысында сот төрағасы сот ұжымымен кездесіп, аудандық соттың жұмысымен танысты. Сот төрағасы Б.Кадыргалиев сот ғимаратында Жоғарғы Соттың басым жобаларын жүзеге асыру аясында азаматтарға жасалған қолайлы жабдықтармен, сот материалды-техникалық тұрғыда заманауи керек-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтып таныстырды.

Сонымен қатар фронт-кеңседе ақпараттық орталық, кіріс-шығыс құжаттарды жүргізу, өз-өзіне қызмет көрсету орындарын қарап, арнайы татуластыру кабинетінде болды.

oblsot050520-1

Кездесу барысында сот төрағасы судьялардың басты назарын сот төрелігін сапалы жүргізуге, татуластыру жұмысын кең көлемде халыққа насихаттап отыруды тапсырды. Төтенше жағдай режимінде заманауи инновациялық технологияларды белсенді қолданып, сот жұмысын БАҚ бетінде насихаттауды тапсырды.

Қызметтік сапар соңында сот төрағасы Б.Кадыргалиев киелі мекен Махамбет ауданына жасаған алғашқы қадамымен құттықтап, ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз