Кәсіпкер 20 балаға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Аққайың» демалыс  орнында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Махамбет аудандық филиалының ұйымдастыруымен, кәсіпкер А.Сәлімгерейқызының демеушілігімен 20 балаға мерекелік демалыс ұйымдастырылды.

 «Қуантсаң, баланы қуант» дегендей, ауданның аз қамтылған, көпбалалы отбасының  бір топ баласы Бейбарыс  ауылдық  округіне қарасты «Аққайың»  демалыс орнына саяхат жасап, бір қуанды.  Балалармен аудандық  жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі, жастар орталығы мамандары бірге барып, балалардың  қауіпсіздігін қадағалап, ерекше көңілді демалуларына бар жағдай туғызды.  Бұл күні балалар қуанышында шек болмады.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Махамбет аудандық филиалы директоры Жексенбай Пазулов:

-Мұнда Махамбет, Есбол ауылдық округтерінен келген 20 балаға мерекелік көңілді  демалыс ұйымдастырылып отыр. Демеушіміз, кәсіпкер, осы «Аққайың» демалыс орнынының иесі   Асия Сәлімгерейқызы балаларға  қуаныш сыйлап жатқанына алғыс білдіреміз,- деді.

Балалармен ертегі кейіпкерлері, мультфильм аниматорлары  қызықты ойындар өткізуге кірісті.  Арқан тартысқа қатысып, ойын алаңында жүрген балалар белсенділік танытты. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Қартжанова  балаларға базарлық сыйлаған, қызықты мереке  ұйымдастырған кәсіпкерге, «Атамекен» кәскерлер палатасына ризашылығын білдірді.  Кәсіпкер Асия Мунбаева демалысқа келген 20 балаға сый-сияпат беруді де  ұмытпады. 

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT