"Атырау Мұнай" ЖШС-нің бас директоры Б.У.Қожағалиев аудандағы 81 балаға сый-сыяпат жасады

1-маусым балаларды қорғау күніне орай,  ауданымыздың кәсіпкер, жомарт жүрек азаматтары ерекше тарту жасап, балаларға қуаныш сыйлады. Солардың бірі, «Атырау Мұнай» ЖШС-нің бас директоры Б.У.Қожағалиев аудандағы мүмкіндігі шектеулі санатындағы 81 балаға арнайы сыйлық жасап, мереке қарсаңында табыстады.

 Атап өткеніміздей  «Атырау Мұнай» ЖШС мекемесіне бұған дейін де бірнеше қайырымдылық істерді атқарып, ел алғысына бөленіп жүр. Бұл жолы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Жолай Түгелбаевтың  ұсынысын  қабыл алған басшылық, бірден 81 баланы  сыйлықпен қамтып отыр. Шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жайлашев, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары да алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Махамбет ауылындағы №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне де «Бар мейіріміміз балағай атты концерттік бағдарлама өтті. Балалардың тәтті мерекесінде тәтті сусын мен балмұздақ таратып қуантқан «Сан-Диар-Елубай» дүкенінің иесі мен кәсіпкер Ибатолла Бағытжанұлы да бұл шараға өз үлесін қосты. «Берсең балаға бер» деп халқымыз бекер айтпаған. Бір балмұздақтың өзіне қуанып, шаттанған балаларға жомарт жандар «тек болашағы жарқын болсын» деген ізгі тілектер айтылды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT