Қосарал орта мектебінің түлектері ауылға саябақ салып берді

Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді. Осындай қайырымдылық шарасын Есбол ауылдық округіндегі Қосарал орта мектебінің 2003 жылғы түлектері жүзеге асырды. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер  туған ауылына саябақ салып берді.

2003 жылғы түлектер  тарту еткен саябақтың ашылуы салтанаты жағдайда өтті.  Саябақтың ашылу салтанатында ауыл әкімі Алмас Ұзақбайұлы туған жерге тағзым етіп, туған ауылды көркейтіп, туған елдің  дамуы мен гүлденуіне ат салысқандары  үшін азаматтарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жібек Шамалиқызы сөз алып :

«Есбол ауылы қашанда іргесінің беріктігімен, ымырасының  бекемдігімен, еңсесінің биіктігімен өзге ауылдарға үлгі болып келеді. Қосаралдың қара шаңырағынан осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер бүгін ауылға керемет сый жасағанына куә болдық. Біз осындай түлектерімізді мақтан етеміз. Елге болсын деп тұратын шәкірт тәрбиелегенімізге  қуаныштымыз. Бұл игі іс кейінгі жастарға өнеге болары сөзсіз, - деді. Ауыл ақсақалдары жастарға батасын берді. Түлектер өз қолдарымен саябаққа алғашқы көшет отырғызды.

Б.Сүйеуова 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз