Кеңейтілген мәжілісті ашқан аудан әкімі Ж.Ахметов күн тәртібіне сай қысқа әзірлік мәселесі жөнінде орынбасары Зұлхарнай Жаңабайұлына сөз кезегін жолдады.
Ол қыс кезінде жарық жиі өшетінін, сондықтан генератор қажеттігін алға тартты. Мектеп-балабақшаларды қосқанда 20 генератор, 17 жылыту қазандығы т.б. құрал-жабдықтар алынып жатқанын мәлімдеді. «Бұлбұл» бөбекжайының жылыту жүйесін, Жалғансай мәдениет үйінің газ есептегіш құралын ауыстыруды қажет етеді. «КазТрансГазАймақ» АҚ газ есептегіш құралдарын әзірше ауыстырмауға рұқсат етті. Газ есептегіш құрал стандарт бойынша пайдаға аспаса, ол ауыстыруға жатады. Бәрі бақылауға алынуы тиіс. Авариялық жағдайдағы аудандық емхананы жөндеуге қаражат бөлу керек. Жылыту қазандықтары жасап тұр. Босалқы бөлшектер 5-8 жылға дейін жарамды. 39 лот бойынша хабарландыру берілген. Қыс кезінде жылу қазаны өшіп қала беретін болған. Жылыту қазандығы талапқа сай болғаны дұрыс. Кейбір округтерде электрмен жылытылатын қазандықтар да бар. Махамбетте генератор тұр. Газ өзінен жылу береді. Жоқтарға генератор алып беруге мүмкіншілігіміз бар. Ол үшін газ желісі келіп тұруы керек. Төрт генератор сұрағандар да болды. Сондай-ақ конвектор сұратып отырғандар да бар. Ал конвектор-газбен жасайтын пеш. Ол үшін алдымен «КазТрансГазАймақ» АҚ-нан рұқсат алған дұрыс,-дейді аудан әкімінің орынбасары З.Жаңабайұлы.
ГАЗ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛ АУЫСТЫРЫЛУДА
Жалғансай ауылдық округінің әкімі К.Садықов «Шалқыма» мәдениет үйінің газ есептегіш құралы мәселесі шешілгенін, алайда мектептің жылу жүйесінде ақау барын, тапсырыс бергенін айтты. Мектептің жылыту жүйесіне 4 млн. теңге бөлініп, жасап берілген-ді. Ал биыл қаражат бөлінбепті. Талапқа сай келмейтін тұрбалар аязға шыдамай, жарылып кетіпті. Тұрбалар еден астында қалған екен. Ақау кезінде салынған мектепті қабылдап алған кезде көзжұмбайлыққа барған. Тіпті ол жағына ешкім мән бермесе керек. Округ әкімі «айта-айта шаршадық» деп отыр. Су құбырларының техпаспорты жоқ. Ол үшін алдымен оны тіркеген жөн. Есбол ауылдық округінің әкімі М.Әділғалиев Есболда «КазТрансГазАймақ» АҚ келісімі жоқтығын, жылу қазандығына генератор алғанын, Ортақшыл ауруханасының жылу қазандығы нашар екенін баяндады. Коммуналдық меншіктегі ескі ғимараттан бір ескі ғимарат барын, бірақ бір тұрғын оны жекешелендіріп алғанын, баланста округте тұрғанын айтты. Техпаспорты жасақталмаған. Кезінде салынған екі қабатты ғимарат екен. Оның жары силикат, қызыл кірпіштен салынған. Аудан әкімі оны технадзордан өткізіп, бүкіл құжаттарын жасақтауды, ғимарат реестрі әкімшілік ғимарат ретінде тіркеуде тұрғандықтан қажетке жарамаса, оны бұзу керектігін айтты. Бұл жақсы салынған ғимарат болғанымен, төбесі, шипры жоқ дейді. Қалай болғанда да оның техпаспортын жасақтап алған дұрыс.
ЕСКІ ҒИМАРАТТЫ ДА КӘДЕГЕ АСЫРҒАН ДҰРЫС
Бейбарыс ауылдық округі бойынша Талдыкөлде жылыту қазандығының операторы жоқ. Қыс кезінде ол дұрыс күтілмейді. Тұрғын үй ретінде пайдалануға берілген ескі мектеп ғимаратына 5 жылу батареялары алынды. Енді тұрбалар керек. Алған адамдар онда әлі кірмей отыр. Көмектесуге әзірше демеушілер шықпай тұр. Таза су бірқалыпты. Аққайыңдағы жылу қазандығы қарауылшы отыратын бөлмеге салынған-ды. Жылуды толық алмай тұр. Қазір тұрғындар суды 3000 теңгеден алуда.
Чкалов орта мектебінің газ есептегіш құралы ескі, мектептің өзі 2012 жылы салынған. Ауылда ескі ғимараттардан ескі мектеп-интернаттан басқа, музыка мектебі, бастауыш мектеп ғимараты бар. Кезінде бастауыш мектепті балабақшаға айналдырамыз деген де жоспар болған-ды. Талдыкөлде ескі мектеп ғимараты әлі тұр, бірақ ол коммуналдық меншікте емес. Аудан әкімі олардың бәрі әр жерде бір қалқиып, ауыл, көше сиқын бұзғанша оларды біржолата есептен шығарып, аукционға салуды тапсырды. Аудан басшысы Жәрдемғали Бахуұлы «АтырауСуАрнасымен» келісіп отырғанын, бергі бетпен жоспар, мемлекеттік актілер барын айтып, Бейбарыс округі бойынша су жүйесін пайдалану мемактісін тезірек жасақтауды тапсырды.
Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мажиев газ есептегіш құралды ауыстыруды, ауылдық дәрігерлік емханада үй патронын ауыстыруды, өйткені, ескісі қайта-қайта жанып кетіп, өрт шығу қаупі болғандықтан ауыстыруды көздеп отырған- дарын айтты. Ауылдық округ әкімшілік ғимаратына, мәдениет үйіне электрогенератор сұрап отырғанын, қыстай екі рет жылытқыш(тень) жанып кеткенін әрі аккумулятор ауыстыру керектігін де тілге тиек етті. Алға ауылдық округінің әкімі Ғ.Абдешев әкімшілік ғимаратқа жылыту қазандығына сұраныс бергенін, мектеп пен мәдениет үйіне ортақ генератор тұрғанын, емхананың жылу қазаны нашар екенін мәлімдеді. Таза су қондырғысында стартер жасамай қалған, ол жөнінде мердігерлермен ақылдасқан көрінеді. Су қондырғысының техпаспорты жоқ. Орал жақтан «Бірлік» шаруа қожалығы бума шөп әкеліп, оны 5-6 мыңнан сатуда. Олардың Батыс Қазақстан облысында шөп шабатын өз бригадалары бар көрінеді.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Б.Орынғали ауыл мен округ аумағында жарық, газ, су жүріп тұрғанын, су желісінің 12 км құдығы барын айтты. Оған қоқыс алаңының шарбағын тазартып, көму ұсынылды. Сарайшық ауылдық округіне жер кадастріне хат жолдау, госактілерді тездетіп жіберу міндеттелді. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетов мамыр айында Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің жылу жүйесін және терезесін ауыстыруға 3 миллион теңге қаржы бөлінгенін айтты. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Ершиков мектеп актісін әкелгенін, екі насос ауыстырғанын мәлімдеді.
Махамбет ауылдық округі әкімі Б.Мыңбаев көгалдандыру жұмысы басталып кеткенін, су жүйесі жүргізіліп жатқанын, бәрін аралап жүргенін, сапасыз зат лезде істен шығып қалатынын айтты. Аудан әкімі өкпе аурулары ауруханасының құжаттарын рәсімдеп, жерін аукцион арқылы сатуды ұсынды. Ескі ғимарат, үй болсын бос тұрмауы тиіс. Оны комиссияға салып, заңдылығын қарау керек. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 700-дің үстінде адам тұр. Олардың бәріне бірдей үй тимейтіндіктен ескі ғимараттан болса да алуына жағдай туғызған жөн. Тозған үйді жөндеуге келсе, жөндеп, егер ол пайдаға аспаса, құлатып, жерін біржолата тегістеп тастаған дұрыс. Халық пайдаға асырмаса, ол кімге керек? Округ әкімі Махамбет, Сарытоғайдағы қоқыс алаңының маңын техника жоқтықтан тегістей алмай жүргенін, оны тегістеуге Махамбеттегі көпірді салып жатқан құрылыстың тракторы бос болмай қалатынын айтты. Сондай-ақ «Алтын-Ай» бөбекжайында екі бөлменің жары жарылып тұр. Ол ағымдағы жөндеуде жөнделгенімен, қайта шығып отыр.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын ұйымдастырылатынын, Астана жәрмеңкесіне қатысатындарын, «Сыбаға» бағдарламасы, субсидиялауға байланысты жиындар өткенін айтты. Оған жер сұраныстарын жинақтап, қолайлы жерді қарау, Қазақстан агроиндустрияландыру аймағын құру, конкурсқа түсетін жерді ауыл әкімдерімен зерделеу, тұрғындарға жер беру туралы бес бөліммен бірлесіп, жұмыс істеу міндеттелді. Аудан басшысы Жәрдемғали Бахуұлы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық зерттеу департаментінің Махамбет аудандық филиалы директоры болып Асқар Мырзабайұлы тағайындалғанын айтып, жиналғандарға оны таныстырды. Жаңа басшы жұмысына сәттілік тілеп, оған Алға, Есбол, Сарайшық техпаспорттарын жасақтауға көмектесуді тапсырды.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?
Аудан басшысы «Арай» лагерінде, З.Ещанова атындағы өнер мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, округ әкімдеріне жөндеудің мезгілінде бітуін, оған ауыл тұрғындарының жұмысқа алынуын қадағалауды ұсынды. Кей округтер «бізде жұмыссыздар жоқ» деп жатқанын естиміз. Сонда жұмыссыз ретінде тіркелгендер қайда кетті? Ал енді бір мамандар «бізге тіркелгені әйелдер, оларды құрылыс жұмыстарына алмайды» дейді. Жұмыстың өзі әйелдікі, ерлердікі болып, бөлінбейді ғой. Сондықтан оларды да жұмысқа қосқан жөн. Қай мекеме жергілікті жерден жұмысшы алмағанын білгім келеді. Заң бәріне бірдей, ол орындалуы тиіс. Залдан «осыдан біраз жыл бұрын орнатқан «ИСД» бағдарламасы жүрмей жатыр. Оның орнына басқа бағдарламаны неге қоспасқа?» деген сауал түсті. Оған сала мамандары «қазіргі уақытта интернет жылдамдығы жоқ. Ол үшін алдымен облыс әкімі аппаратынан ақша төлесе ғана интернет жылдамдығын көбейтеді деген жауап қайтарды.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.