Әйел зорлық, бала қорлық көрмесін!

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер жұмыссыздығын азайту, жас отбасылардың ажырасуын болдыр­мау бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.

Аудандық жергілікті Полиция қызметі бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы А.Сейтқазиевтің айтуынша 2024 жылдың 6 айында отбасы тұрмыстық саласындағы әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар бойынша бөлімнің кезекші бөліміне барлығы 63 хабар­лама тіркеліп, оның ішінде отбасы- тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен – 63 әкімшілік хаттама жасақталып, аудандық сотқа жолданған. Оның ішінде әкімшілік қамаққа алынғандар саны - 12, әкімшілік айыппұл салынғандар саны -0, ескерту берілгендер саны – 19, тараптардың татуласуына байланыс- ты қысқартылған істер саны – 29. Аудандық сотқа жолданып, шешімі шықпаған үш іс бар.

Аудан көлеміндегі 9 ауылдық округте комиссия хатшысымен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық про­филактикасы туралы» заңы, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты жазалардың өзгертілгені жөнінде оқу орындарында, мек­тептерде, мекемелерде «Тұрмыс», «Есептегі тұлға» ,«Құқықтық тәртіп» іс-шаралары арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

- Аудан тұрғындары көп шоғырланатын саябақтарда,сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендерінде, әкімдіктердің ха­барлама тақтасында және басқа да әкімшілік ғимараттар мен мекеме­лерде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жаднамалар, «Ана мен бала» орталықтарының жарнамалары ілініп, ақпараттар кеңінен таратылды.

Бөлімнің 102 телефонына түскен хабарламаларды, оның ішінде әйел адамдарға қарсы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға күнделіктіжәне ай сайын талдау жа­салып, журналға тіркелуде. Жанұя жанжалы жиі болатын отбасылар тексеріліп, бақылауға алынды.

Ауданымызда әйелдерді заңсыз қамау, ұстау, сату және заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту деректері болған жоқ. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстың ұйымдастырылуы бөлімше басшыларының басты назарында және көмек көрсету, құқықтық кеңес беру жұмыстары жалғасуда,- деді ба­яндамашы.

Махамбет аудандық Мансап орталығы басшысы А.Нұрғазинаның мәлімдеуінше І жартыжылдықта аудан көлемінде 422 әйел ресми жұмыссыз ретінде тіркелсе, жұмыс беруші мекемелердің сұраныстарына сәйкес 372 әйел тұрақты жұмысқа ор­наласыпты.

Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша оқу орындарын аяқтаған 13 түлек жастар практикасы арқылы жұмысқа жіберілген. Оның 1-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Алғашқы жұмыс орнына 2 жас маман, күміс жас жобасы мен 28 әйел жіберіліп, оның 17 -і тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 әйел, қоғамдық жұмысқа 168 әйел жолданып, белсенді шараларын уақытынан бұрын аяқтаған 2 әйел тұрақты жұмысқа орналасыпты.

Азаматтарды оқытудың цифрлық құралдарын дамыту үшін 2021 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға онлайн режимде кәсіптік оқыту порталы іске қосылды. «Skills. enbek.kz» порталы бойынша онлайн режимде кәсіптік оқытуға биылғы жылға 172 адамды оқыту жоспар­ланып, толық орындалды. Олардың ішінде 76 әйел әртүрлі мамандықта онлайн курстан өтті.«Бизнес Бастау» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» бойынша 100 адамды оқыту жоспарланды. Алты ай қорытындысымен барлығы 63 адам оқытылды, оның ішінде 41-і – әйел.

«Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыған әйелдер арасынан 4-і грант ұтып, өз кәсіптерін ашты,-деген А.Нұрғазина вахталық жұмыстарға орналасу мүмкіндігі бар болса да, көптеген әйелдердің үйін тастап кету­ден бас тартатынын, ауылдан тұрақты жұмыс сұрайтынын атап өтті.

Бұдан әрі Махамбет, Бейбарыс, Есбол, Бақсай ауылдық округтері әкімдерінің әйелдер жұмыссыздығын азайту және жас отбасылардың ажырасуының алдын алу бағытында атқарған жұмыстары тыңдалды.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары А.Әділғалиев зорлық- зомбылық туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары тек мектептер мен балабақшаларда, мемлекеттік мекемелерде ғана емес, қарапайым халықтың арасында да жүргізілуі керектігін айтты. Әйелдерді жұмыспен қамтуға қатысты 207 адамды тұрақты жұмысқа орнала­стыру мүмкіндігін қарастыруды және ажырасудың алдын алу бойынша әкелер кеңесінің жұмысын жандан­дыруды тапсырды.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT