Махамбетте өткен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды.
Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын адамдарға қатысты желіде (ауданаралық, қалааралық,) бақылауды жетілдіру, қоғамдық көлікте апаттылықтың алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жол қозғалысын қадағалау мен бақылауды күшейту мақсатында Махамбет аудандық Жергілікті полиция қызметі қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, 21-23 қазан аралығында аудан аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
«Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің 27 құқық бұзушылығы анықталды. Олар жүргізушілердің автобус жүргізу сәтінде телефонмен сөйлесуі, жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде жылдамдықты асырғаны және маневр ережелерін бұзуы, рейске шығар алдында медициналық және техникалық тексерістен өтпеген автобустарды пайдалану, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы.
Сонымен қатар «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайлары жіті тексерліп, жүргізушілерінің жол ережелерін сақтауы қадағаланды.
Қ.ШОНЫШЕВ,
аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі
патрульдік полиция тобының аға инспекторы,
полиция капитаны
Сурет:дереккөз