Індетке жеңіл-желпі қарауға болмайды

 Күні бүгінге дейін аурудың қауіптілігін түсінетін уақыт жеткен сияқты

Әлемде COVID-19 вирусына шалдығушылар саны артып, ажал құшып жатқандар қатары күн сайын көбейе түсуде.

Коронавирус індеті бүкіл әлемді әбігерге салып, адамзатты үлкен бір сынақтан өткізіп жатыр. Міне, Атырау облысы да қайтадан «қызыл» аймаққа енді.

Жасыратыны жоқ, әу баста дәл осы кеселдің астарынан саяси салдар іздеп, індеттің бар екеніне сенбегенбіз. Әлі де сенбеушілік басым.Алайда кеселдің көбейгені соншалық жаңадан ашылған облыстық модульдік аурухана ашыла салысымен іші науқастарға лық толды. Індет жұқтырғандардың азаюына байланысты шектеу шараларын жеңілдетіп еді,сақтықты ұмытып, жайбарақат жайылып кеттік. Ал халық болса, әлі де той-садақа өткізіп жарысуда. Бұлай жалғаса беретін болса, жуық арада бұл кесел айылын жиып, беті қайтар түрі жоқ. Қайта өзгеріп, дерт өрши түсуде. Оған қоса елімізде коронавирустың жаңа штаммдары пайда болды десуде.

Мамандардың айтуынша, індеттің жаңа түрі тез таралады және ағзаға өте қауіпті.Қарапайым мысал – тұрғындар медициналық масканы иегіне киіп жүреді.Сақтық шараларын сақтамайды. Былтыр аурудың өршігенін білесіздер, осы індеттен талай адам жұқтырып,ауырып, көз жұмғандары қаншама?!

Енді сол жағдай қайталанбасын десек, сақтық шараларын қатаң сақтап, босаңсымай бетперделеріңізді тағып, арақашықтықты сақтап жүруіміз керек. Көпшілік жиналатын той, садақаларға баруды доғарған жөн. Әсіресе, егде жастағы адамдар сақтанса, артық болмас еді. Күні бүгінге дейін аурудың қауіптілігін түсінетін уақыт жеткен сияқты.

Б.КӨШЕРБАЕВ,

ардагер-журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT