Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында фармацевтика өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударып, өз елімізде өндірілетін дәрі-дәрмектің түрін және көлемін арттыруды стратегиялық мақсат ретінде белгіледі. Бұл – уақыт талабы.
Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі сапалы әрі қолжетімді дәрілік қамтуды қажет етеді. Осы бағытта отандық өндірісті нығайту – сыртқы тәуелділікті азайтып, экономикалық тұрақтылықты арттыруға жол ашады. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары құрылып, ғылыми-зерттеу жобаларының дамуына мүмкіндік береді.
Ауданымызда да медициналық мекемелерді қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамту, инфрақұрылымды жаңарту және дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Бұл істе жергілікті мамандар мен жауапты органдар бірлесе жұмыс жүргізуде.
Президент Жолдауында белгіленген басымдықтар ел азаматтарының өмір сапасын арттыруға, фармацевтика саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам деп есептейміз.
Д.Избасарова,
Аудан тұрғыны

