«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Есбол ауылындағы Есбол орта мектебінде оқушылармен танымдық кездесу өтті. Шара «Заң мамандықтары» тақырыбына арналды.
Кездесуге Махамбет аудандық полиция бөлімінің қылмыстық-құқықтық бағыттағы ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Е.Ертурлин және учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Шараф қатысып, мектеп оқушыларына заң саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері мен олардың қоғамдағы маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.
Құқық қорғау саласының өкілдері өз сөздерінде заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар оқушыларға болашақ мамандық таңдауда заң саласының мүмкіндіктері мен жауапкершілігі жөнінде нақты мысалдар келтірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды әрі мазмұнды жауаптар алды. Ашық форматта өткен бұл шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға оң ықпал етті.
Өз тілшіміз


