Ауданда ерекше Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ерекше балаларға арналған қайырымдылық кеші өтті. Бұл жолы №2 арнаулы мектептегі ерекше қажеттілікке ие балаларды қуантуға «ROMANTIC Атырау», «Нұршуақ» қоры және «Ыстық ұя» қайырымдылық қорлары атсалысты.
Шараның басты қонағы елімізге танымал блогер, қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген белсенді азамат - Салиев Ильяс болды. Арнаулы мектептің тәрбиеленушілері үшін арнайы келген қонақтар балаларға жақсы тілектерін арнап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Шара барысында концерттік бағдарламадан бөлек ұстаздарға гүл шоқтары таратылып, балаларға арнайы тәттілер мен азық-түліктер үлестірілді. Игі іске атсалысып, қолдау көрсеткен демеушілерге аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ақжол Қонысбаев та өз ризашылығын білдірді.
А.САТАЕВА