«Ер жүректілер» спорт клубының спортшыларына құрмет көрсетілді⠀

Қашанда алға ұмтылып тұратын, өмірдің қай сынағына болсын қарсы тұратындар «ерекше жандар» екені анық. Оған соңғы өткен Паралимпиада ойындарында қос қолынан не аяғынан айырылған, көру қабілеті нашар азаматтардың он екі мүшесі сау адамдардан кем емес деңгейде шыңдалғандығы, тіпті қазақстандық спортшының жүлдегерлер қатарынан табылғаны куә. Ауданымызда да мұндай спортшыларды дайындайтын орталық бар. Ол – «Ер жүректілер» спорт клубы.

Жақында спорт клубтың спортшылары республикалық деңгейде ұйымдастырылған, әр аймақта өткен спорт бәсекелеріне қатысып, жоғары деңгейде шеберліктерін көрсете білді. Атап айтқанда Семей қаласында көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатында Әсемгүл Габдуллина чемпион атанса, Мұхамедмәди Ерланұлы тоғызқұмалақтан Орал қаласында өткен жастар арасындағы ел біріншілігіне қатысып, мол тәжірибе жинақтап келген-ді.⠀

Ал Аружан Ғиниятова тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисі бойынша Г.М.Четвериковты еске алуға арналған Павлодар облысының кубогінде абсолютті сайыста күміс, ал жекелей сында алтын медальды жеңіп алды. Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиева қабылдады.

ff3db1d8-c519-47ec-89da-0a72dfd8a0e4



– Ауданымыздың атын бүкіл елге танытып, туған жерге абыройлы жеңіспен оралған толағай еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта спорт бәсекелерінде жеңіс тұғырына жоғары сатысынан табыла беріңіздер,- деп тілегін білдірген С.Ертілеуқызы спортшыларға алғыс хат, гүл шоғы​ мен бағалы сыйлықты табыс етті. ⠀

Сонымен қатар аудан намысын абыроймен қорғап жүрген жандардың жаттықтырушылары, тәлімгерлері Мұхадия Қуангереев пен Гүлден Өтебалиеваларға да құрмет көрсетілді. Қабылдау барысында ауданның спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ержан Андашев та «Ер жүректілер» спорт клубының жұмысына табыс, жоғары жетістіктер тіледі. Спорт ардагері мүмкіндігі шектеулі жандардың жаттығуына жағдай жасап отырған клубқа жеке ғимараттың қажеттілігін де тілге тиек етті.⠀

Қ.АЙТҚАЛИЕВ⠀

Суреттерді түсірген: А.ТІЛЕГЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521