Еңбеккерлер еленген күн

Қарашаның үшінші жексенбісі - ауылшаруашылығы қызметкерлері күні.

Махамбеттіктер үшін орны ерекше, дәстүрлі мереке - ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылып, ауданымыздың агрокешен саласының дамуына айтарлықтай үлесін қосып жүрген еңбеккерлерге құрмет көрсетілді.

Алдымен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың баяндамасы тыңдалды.

Келесі кезекте аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов ауылшаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады:

-Ауыл шаруашылығы ел өмірінде, оның ішінде біздің ауданымыз үшін ерекше орын алатын салалардың бірі. Ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі. Аудан бойынша, оның ішінде ауылдық округтерде шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатады. Ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету - бүкіл елімізді дамыту деген сөз. Осынау жауапты міндетті абыроймен атқарып, аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, отбастарыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеймін - дей отырып, Жер-Ананың төсін емген егіншілер мен мал өсіру ісінің майталмандарын, осы саланың қызығы мен қиындығын бірдей көріп жүрген өз ісінің мамандарын марапаттады.

a

a

a

Атап айтар болсақ, Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман шебері Асқаров Алтынбек Амангелдіұлына, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сидеғалиев Мұратбек Зинорұлына, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекция басшысы Төлегенов Айтқали Саменұлына – «ҚазСушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны төменгі Жайық өндірістік учаске басшысының орынбасары Розенов Владимир Андреевичке, «Сарсенов» шаруа қожалығының басшысы Сарсенов Нұрбол Ақылұлына, Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы Сағындықов Тілек Қизатұлына, «Дәурен» шаруа қожалығының басшысы Дәурен Махамбетұлына, Ақжайық ауылдық округінің бас маманы Дәулетқалиев Жасұлан Ілесұлына аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Тілек Базарұлы ауыл еңбеккерлеріне жүрекжарды тілегін арнады.

ayylshar203

Одан әрі «Амантұрлы» шаруа қожалығының басшысы Қалиса Маханова, «Карпашев» шаруа қожалығының басшысы Асхат Карпашев, «Сейтов» шаруа қожалығының басшысы Қобыланды Сейтов, «Басшы» шаруа қожалығының басшысы Әділхайыр Түспаев, еңбек ардагері Қайырлы Жұмағазиевтер облыстық ауылшаруашылығы басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Ауылшаруашылығы қызметкерлеріне арналған салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Мұхаддас Ғабдиев жетекшілік ететін Атырау өңірінің өнерлі жастарынан құралған өнерпаздар тобы «Шалқиды әуен!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

a

a

Баян СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521