Елорда төрінде белдесті

Ешқандай күрес түрлеріне ұқсамайтын ұлттық төл спортымыз – бұл қазақ күресі. Көшпелілер өнерінің жоталы бір саласы – қазақ күресінің тәрбиелік маңызы зор. Ол ұлттық намысты қоздырып, көрерменге асқан шабыт сыйлайды, сондықтан құдіреті биік.

Жуырда қазақ күресінен 2011-2012, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «Super Сup-2025» атты Астана қаласының ашық турнирінде Махамбет ауданы, Талдыкөл орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ерқанат Әмір 29 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, ІІІ орынға ие болды. Осы тұрғыда жаттықтырушысы Бақберген Қабдоловтың еңбегін атап өткен абзал.

Айта кету керек, қазір қазақ күресін дамыту және өскелең ұрпақ арасында насихаттау бойынша кешенді жұмыс жүріп жа­тыр. Қанатқақты жоба ретінде мектеп бағдарламасына енгізілуде. Төл өнерді жазғы олимпиада, Дүниежүзілік көшпенділер ой­ыны, Дүниежүзілік Универсиада және Азия ойындары сынды бәсекелер бағдарламасына енгізу бойынша жұмыс қолға алынған.

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT