Жолдауды еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиға, республикамыз дамуына септігін тигізетін бағдарлама десек те болады. Мұнда саяси реформаларды жалғастыру, Сенат өкілеттігін тоқтату жайы да сөз болды. Бір жағынан елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсететін, болашаққа жаңа бағдарлар белгілейтін құжат.
Президент жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыздыққа қарамастан Қазақстан тек қана алға жылжуы тиіс екеніне баса назар аударды. Ол әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету миссиясын нақты белгілеп берді.
Мемлекет басшысы ұсынған ұзақмерзімді стратегияда әділдік, заңдылық және халықтың күшіне деген сенім жатыр. Ол жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл жаңа құрылым ғана емес, бүкіл қоғамға сын-қатер және сигнал. Қазақстан цифрландыру мен инновациялар абстрактілі ұранға айналмайтын, күнделікті өмірдің бір бөлшегі болатын елге айналуға ниетті. Мұндай мәлімдеме жаңа көкжиектер ашып, «болашақ экономикасын» қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді. Атап айтсақ активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті етіп, қайта құру да маңызды еді. Инвестициялар үшін қатаң бәсекелестік жағдайында осындай позиция Қазақстанның сенімді, әділ әріптес ретіндегі имиджін нығайтуға қабілетті.
Мемлекет басшысының өнеркәсіптегі өсім көрсеткіштері мен жаңа өндірістердің іске қосылуы-тек статистика емес, индустрияландыру саясатының жұмыс істейтіндігінің айғағы. Автомобильдер, тұрмыстық техника, металлургия ондаған жылдар бойы «әлсіз буындар» саналды. Енді бұлар өсу нүктесіне айналған салалар. Ең бастысы Қазақстан біртіндеп «шикізаттық тұзақтан» шығып, жаңа индустриялық негіз қалыптастырады.
Парламентті реформалау және бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсыныс та ерекше назар аударуға тұрарлық. Әрине, бұл маңызды сәтті халықтың қатысуымен қабылдау керектігін білеміз. Жолдау жаңару энергиясымен, еліміздің сын-қатерлерге төтеп бере алатынына, алға жылжуына деген сеніміміз мол.
Асхат Сапенов, Обаға қарсы күрес бөлімшесінің Махамбет аудандық филиалы басшысы
Ел дамуына септігін тигізеді
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 37


