Екпеден қорықпайық!

Вакцинациялау денсаулықты нығайту жолдарының бірі және оның белгілі ауруға төтеп беру мүмкіндігін көрсетеді.

Әрбір ұжым жоспарлы түрде 95 пайыздан жоғары көрсеткішпен вакцина алғаны жөн. Сонда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Жаппай вакцинациялау кезінде аудан тұрғындары арасында өзінің және туысқандарының денсаулықтары үшін ерікті түрде екпе алып жатқандар бар. Бірақ екпе алушылардың саны аз. Созылмалы өкпе, тыныс жолдары аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары бар адамдар коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін өте ауыр жағдайларға тап болып жатыр.

Қазір бұл вакцинациялауға тікелей қарама-қайшылық жоқ. Тек температура мен жедел аурулары болмаса, кез келген адамның екпе қабылдауына болады. Біздің ауруханада вакцинациялаудың екі кезеңінен де өткендердің бірде-біреуінен кері әсер байқалмады. Яғни, КВИ-ге қарсы вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденіп отыр.Індетке қарсы ең тиімді әрі жалғыз тәсіл – бұл вакцина.

Сондықтан алып-қашпа әңгімелерге ермеуге шақырамын. Тәж тажалдың құрығынан құтылуда, дерттің жолын кесуде екпенің көмегі ұшан-теңіз екенін естен шығармайықшы. Вакцина бірнеше кезеңдік зертханалық тексерістен өтті. Қорқыныш болатыны – түсінікті жағдай.

Адам баласы болғандықтан бейтаныс бір заттарға, қоршаған ортада болып жатқан құбылысқа осылай жатырқай қарау жаратылысымызда бар. Бірақ денсаулығымызды ойласақ, бұл сезімді артта қалдыру керек, бәрі жақсы болатынына сенімдімін.

Бақыт АҚНИЯЗОВА,

медициналық сақтандыру қорының менеджері

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT