Бейбарыс ауылы бойынша 225 референдум учаскесінің ең алғашқы дауыс берушісі 87 жастағы қарт Таңатар Габдуллин болды.
-Елең-алаңмен ерте тұрып, ел тағдыры үшін маңызды күнде өз таңдауымды жасауға келдім. Бұл шешім біз үшін ғана емес, болашағымыз үшін маңызды-, дейді қария. Ең алғашқы дауыс берушіге референдум учаскесінің төрағасы естелік сыйлық табыстап, алғысын білдірді.
А. Сатаева