Махамбет ауылы бойынша 219 дауыс беру учаскесінде ашылу салтанаты таңғы сағат 7-де өтті. Мемлекеттік әнұран ойнап, комиссия төрағасы Гүлзада Қорғанбайқызы ел үшін маңызды бұл күннің жауапкершілігі мол екенін атап өтті.
Аталмыш учаскеге 1541 дауыс беруші тіркелген. Учаскенің 1 комиссия төрағасы, 1 комиссия хатшысы, 5 комиссия мүшесі және 3 бақылаушы өз міндеттерін атқаруда. Таңғы 7-ден бастап 28 дауыс беруші тіркелді.
А.Сатаева