Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіқарсаңында  еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерденқаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіругеүнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымыздықастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастырудыкөздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 1 орыс/бсынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанаттыжиыны болып өтті.

 «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтыңбастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалармен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «ЖасҰлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілікқұндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялықұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухындақалыптастыратын ұйым

  Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біздің балаларымыз  осындай елде туғанына бақыттымыз. Осы күні оқушылар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

 Осы салтанатты жиында бүлдіршін оқушыларымыз     «Жас Қыран» тобына мүшелікке қабылданды. Мүшелікке қабылданған оқушыларымызға төс белгілерін тағу рәсімі мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Садыкова К.У мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кабдрахманова М.С  берілді. Мектебіміздің мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Садыкова К.У  Жас Қыран ұйымына кірген оқушыларға жақсы тілегін айтты.

   Құрметті, 1 орыс /Б сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Кужаниязова Жанар

1 орыс/б сынып ата анасы

Атырау облысы

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521