Дүкен ашамын деушілерге несие беріліп, қолдау көрсетіледі

Жалғансай ауылдық округінің әкімі Кенжебай Садықовтың баяндамасы тыңдалған соң сөз кезегі ауыл тұрғындарына берілді.

Мұнда жастарға футбол ойнайтын алаң салынса, шаштараз, супермаркет ашылса, жасалған жазғы су жүйесі топырақтың астында қалып қоймай іске асырылса, ауылдың ішіне асфальт салынса, күрес, бокс, би үйірмелері жұмыс жасаса, ауылдың тұсындағы Жайық өзені мен Боқсақты қосатын қиылыста канал суы шірімес үшін тамағын топырақпен бітеу жұмыстары қолға алынса деген ұсыныстар айтылды.

Әрқайсысы өздеріне қатысты сауалдарға жауап берген бөлім басшылары Төменгі Жайық мекемесі арқылы каналдың тамағы бітелетінін, шаштараз, дүкен ашамын деушілерге несие беріліп қолдау көрсетілетінін, спорт алаңының жері белгіленіп тұрғанын, ауыл ішілік жолдың жобалық құжаттамасын жасауға қаржы сұралғанымен әзірге қолдау таппағанын, жазғы су құбырын бір кәсіпкер сенімгерлік басқаруға алу арқылы іске қосуға болатынын айтты.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы балабақша, спорт алаңы, ауыл ішілік жолдың мәселесі кезең-кезеңімен, алдағы уақытта шешілетін мәселелер екенін жеткізді.

Жалпы Жәрдемғали Бахуұлы үш ауылда да игерілмей отырған жерлерді кері қайтару, ауылдарға инфрақұрылым жүргізу арқылы, тұрғындарға жер беріп, тұрғын үй салуларына жол ашу, мал ұрлығына байланысты бақташының жалақысын мал иелері өздері белгілеп шығару немесе жазғы уақытта бойдақ малды қырға қосып жіберу мәселелерін қозғады.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз