«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция құрылды

Коалицияның негізгі мақсаты – алдағы республикалық референдумға ұсынылған өзгерістерді тұрғындарға жан-жақты әрі түсінікті түсіндіру, қоғамда ашық диалог қалыптастыру және азаматтардың саяси науқанға саналы қатысуына мүмкіндік жасау.

Басқосу барысында алдағы өтетін референдумның мәні мен  маңыздылығына кеңінен тоқталып, бұл саяси науқанның ел дамуы жолындағы тарихи қадам екенін ерекше атап өттім. Сонымен қатар аталған бастаманың мемлекет болашағына тікелей ықпал ететінін жеткіздім.

Аудандық коалиция құрамына түрлі саяси партиялардың өкілдері, партиялық жақтастар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар белсенділері енді. Үгіт-насихат кезеңінде коалиция мүшелері бекітілген желілік кестеге сәйкес офлайн форматта кездесулер, пікірталастар мен түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Аудандық коалицияның алдағы жұмысы қоғамды топтастыруға, әрбір азаматтың пікірін ескеруге және елдің болашағына қатысты маңызды шешімге белсенді қатысуына бағытталмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT