Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Махамбет ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп аудан көлемінде мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарды толықтыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бұл жәрмеңке Ұлт жоспарының «100 нақты қадамы» аясында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруды» іске асыру мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қайненова Шолпан Айдынғалиқызы және бас маман Какиева Айнагүл Қазбекқызы қатысты.Облыстық бағыныстағы барлық мекемелер шақырылып, жергілікті тұрғындар мен жоғары, арнайы оқу орындарын бітірген 100-ге жуық жас атсалысты. Мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау қызметіне түсуге ниет білдірген азаматтарға мемлекеттік қызметке түсу жолдары түсіндіріліп, брошюралар таратылып, слайд, бейнеролик арқылы насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT