Боксшылар бәсекесі

ҚР Әнұраны авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналған 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан республикалық ашық тур­нир өтті. Спорт бәсекесіне Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалалары мен Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қарасты аудандардан барлығы 300-ге жуық бок­сшы қатысты.

Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімшесінің тәрбиеленушілері де жүлделі орындарға ие болды. А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Глеб Сумкин 64 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып, қарсыластарын қапы қалдырып, турнир чемпионы атан­ды. Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Арман Есенжанов, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің оқушысы Рақым Дүсіп және Жалғансай орта мектебінің оқушысы Заңғар Ғұбайдолла өз салмақ дәрежелерінде жұдырықтасып, күміспен күптелді.

А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің тағы бір оқушысы Алмаз Жұмабек пен Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің оқушысы Санжар Амангелді қола жүлдені қанжығаға байлады. Жүлдеге қол жеткізген спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне «Қазақстан Республикасының бокстан спорт шеберіне үміткер» атағы табыстал­ды.

Жаттықтырушылары – Қалмұрат Торбаев, Мейірлан Қайрош, Жәнібек Қапуанов және Ерасылан Естаев.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT