Билер кеңесі ауылдарды аралады

Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ергазиева мен «Билер кеңесінің» мүшелері Жалғансай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Шараға билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов, оның мүшелері М.Ещанов, Ж.Магауова, аудан прокурорының орынбасары Д.Жумагалиев, аудандық полиция бөлімшесі тергеу бөлімінің бастығы А.Тлепов, аудандық соттың бас маманы, баспасөз қызметін үйлестіруші А.Косымбаева, Жалғансай округінің әкімі, ауыл тұрғындары қатысты.

3

Кездесуді ашқан судья А.Ергазиева жиналғандарға кездесудің мән-мақсатын түсіндіріп, сотқа дейінгі дауды реттеу, өзара тараптардың татуласуы, медиацияның артықшылықтарын айтты.

Соттың бас маманы А.Косымбаева баяндамасында медиацияның мақсат-мүддесін, тиімділігін сөз етті. «Медиация – дауды сотқа дейін реттеу, тараптардың татуласуы сотта және соттан тыс тараптардың дауларды өзара келісіммен аяқтауы, яғни татуласу екі жақтың арасындағы қақтығысты шешуді көздейді, тараптардың арасындағы сыйластықты сақтап қалу мақсатында уақытты үнемдеу үшін ең қолайлы тәсіл- медиация тараптардың өз қалаулары бойынша яғни судья медиатормен немесе кәсіби емес және кәсіби медиаторлардың көмегімен аяқталатындығын меңзеді.

ed895bdc

Сонымен қатар «Төрелік», «Сот кабинеті» электронды бағдарламаларының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Кездесуде билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов, оның мүшелері М.Ещанов, Ж.Мұғауова да медиация туралы кеңінен мысалдар келтіре айтқаны көкейге қонымды болды. Мұнда ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері де талқыланды. Кездесуді сот судьясы А.Ергазиева қорытындылады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521