Махамбет ауданында көктемгі өр суынан қорғану бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Махамбет ауданы бойынша құрылған жедел штабтың хабарлауынша күндіз-түні тынбай еңбектенген мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесінде 227 624 қапшық дайындалған. 15,8 км бөгеттерге жөндеу жүргізіліп, 5 км 460 м жаңадан бөгеттер салынған. Бөгет салу және биіктету жұмыстарына 177 техника жұмылдырылды. Аудан бойынша 2477 жанашыр ерікті ауылды судан қорғау үшін тер төгіп жүр. Бұған қоса ауданға қарасты каналдар мен жыралардың бітелген жерлерін ашу жұмыстары жүргізілуде.
Жедел штаб берген бүгінгі мәліметке сәйкес Махамбет ауданында Жайық өзені +62 см көтерілген. Иректі су қоймасынан су ағызу мөлшері 1670 текше метрді құрап отыр.