Облыс әкімі Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылдық округі әкімдігі ғимаратының жай-күйімен танысты,деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбарыс ауылындағы 15 мемлекеттік қызметші ескі ғимаратта жұмыс істейді. Әкімшілік мекеменің қабырғалары жарылып, төбесі құлағалы тұр. Оған қоса бір бөлмесінде жергілікті полиция қызметкерлері орналасқан.
1980 жылы салынған ғимарат әлі күнге дейін күрделі жөндеуден өтпеген.