Биыл қазақтың тұңғыш бард ақыны, батыстан шыққан біртума талант Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толып отыр.
Айтулы датаға орай Индер ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен батыс аймақтық «Сәйгүлік» ән байқауында жерлесіміз Нұрмұхаммед Ислам да бақ сынап, жүлделі ІІ орынды иеленіп келді. Бұған дейін де ән байқауларының жүлдегері атанып, ерекше талантымен тыңдарманын тәнті қылып жүрген Нұрмұхаммед бірқатар аспаптың да құлағында ойнайды. Бүгінде Бейбарыс ауылдық округінің «Жас дәурен» мәдениет үйін басқарып отырған өнерлі азамат Табылды Досымовтай аңыз адамның шығармашылығына ерекше құрметпен қарайтынын айтты. Батыстың небір дүлдүлдері бас қосқан байқауда жүзден жүйрік атанып, екінші орынды қанжығалаған жерлесімізге толағай табыстар тілейміз!
А.САТАЕВА