Жылдағы дәстүр бойынша баспасөзге жазылу науқаны биыл да өз жалғасын табуда.
Өздеріңізге мәлім, газетке жазылу Қазпошта АҚ мекемесінен немесе редакциядан балама түрде жүргізіледі.
Мекемелер арасында газетімізге балама түрде жазылатын оқырмандарымыз көп. Соның бірі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жексенбай Пазулов газетімізге алғашқылардың бірі боп бір жылға жазылып, редакция ұжымы атынан сыйлыққа ие болды.
Сексен жылдан астам тарихы бар Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті Ахмет Байтұрсыновша айтсақ, «халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, аудан тарихымен бірге жасасып, халықтың мұң-мүддесін шешуге, тәрбиелі мәнімен, шығармашылық бағытымен үлес қосып келеді.
Біз бір жыл бойы бізбен бірге болып, қолдаған газетіміздің тұрақты оқырмандарына өз тарапымыздан алғыс айтамыз және арадағы бұл үрдіс келер жылы да жалғасын табатындығына үлкен сенім білдіреміз.
Баршаңызды "Жайық шұғыласы" газетіне жазылуға шақырамыз!
Редакция ұжымы