БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА БІЗ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?

АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ӨНЕРПАЗ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «СЕЗ! ҚИМЫЛДА! СӨЙЛЕ! БАЛАНЫҢ ЕРТЕ ДАМУЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ. ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ – СОҢҒЫ КЕЗДЕ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА КӨП БАЙҚАЛАТЫН МОТОРЛЫ БҰЗЫЛЫС, ЗЕЙІННІҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ТҮСІНІКТІҢ ҚАЛЫПТАСПАУЫНЫҢ СЕБЕБІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ, АТА-АНАЛАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ БОЛДЫ.

«Jas tumar» түзету-дамыту балабақшасыныңбасшысы Самал Нұрланқызы бастаған семинар-практикумға осы орталықтың ЛФКмаманы Іңкәр Маратқызы, АФК маманыСабыржан Нұркенұлы және сурдопедагогдефектолог маманы Перизат Жәнібекқызыда қатысты. Сонымен қатар ауданымыздағы мектеп,балабақшаның логопед-дефектолог мамандары,психологиялық-педагогикалықтүзету кабинетінің мамандары мен осы арнаулы мекемеге келуші балалардың ата-аналарыда семинарға қатысып, құнды ақпараттармен танысты.«Jas tumar»-дың тәжірибелі АФК және ЛФКмамандары балаларға үй жағдайында жасай алатын арнайы жаттығулармен таныстырса,сурдопедагог-дефектолог маманесту«Jas tumar» түзету-дамыту балабақшасыныңбасшысыСамалНұрланқызы бастаған семинар-практикумға осы орталықтың ЛФКмаманы Іңкәр Маратқызы, АФК маманыСабыржан Нұркенұлы және сурдопедагогдефектолог маманы Перизат Жәнібекқызыда қатысты. Сонымен қатар ауданымыздағы мектеп,балабақшаныңлогопед-дефектологмамандары,психологиялық-педагогикалықтүзету кабинетінің мамандары мен осы арнақабілеті нашар балалармен жұмыс жасаудыңерекшеліктерін атап өтті. Сурдопедагогиканыңөзіестуінде ауытқуы бар балаларды оқуға,білім алуға, дамуға ынталандыру болса, бұлсаладағы мамандардың да басты жұмысы –оларды қоғамға бейімдеу.БүгіндеАДШ(АФК)адаптивтіденешынықтыру мен ЕДШ (ЛФК) емдік денешынықтырумүмкіндігі шектеулі балаларғағана емес, ересектерге де көмек көрсете алатын, медицинаның бір саласына айналып отыр.«Jas tumar»- түзету-дамыту балабақшасының ұжымы осындай жан-жақты білімі, тәжірибесібар арнайы мамандармен бірге жұмыс жасап,ашылғанына аз уақыт болса да үлкен нәтижекөрсетіп отырған ұжым. Балабақшаның оқубағдарламасында төрт мезгіл дұрыс тамақтану,тасымалдау қызметі, мамандармен жеке жұмыс,баланың дамуына қажетті барлық процедуралар қарастырылған екен. Тіпті, көпшіліктіңсұранысына ие иппотерапия да бар. Семинарда мамандар мен ата-аналар балаға жасалатын зейінді тұрақтандыру, сенсорлы бұзылыстықалпына келтіру, ұсақ моториканы дамытуғаарналған бірнеше жаттығуды ортаға шығыпорындап, көрсетіп, кері байланыс орнатты.Еркін форматтағы оқу сабағында сұрақтар дақойылып, мамандар бәріне де жауап беруге тырысты. Психологиялық-педагогикалық түзетукабинетінің мамандары Альмира Күнтазиева,Назерке Сәмешова осындай семинарларды жиіөткізу ата-аналар үшін өте жақсы тәжірибе болар еді дейді.Себебі, көп жағдайда орталықтаререкшебаланыңөзіменжұмысжасап,оларға ерекше күтім жасайтын ата-аналарытысқары қалып жатады. Шын мәнінде баланыңпсихологиялық-эмоционалдықкөңіл-күйінеәсер ететін бірден-бір тұлға, ол оның ата-анасы.Сондықтан ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдарберетін, үй жағдайында баланы дамытуға болатын оқу-құралдарымен таныстыратын семинарлар жиі өтсе екен деген ұсыныс айтылды.Осы кездесуге қатысқан ерекше баланың анасы Римма Есенғалиева:- Маған бүгінгі семинар ұнады. Өте көп пайдалы ақпараттар айтылды. Бірнеше жаттығутүрлерін үйретті. Баланың нәресте кезінендаму кезеңдерімен таныстырып, әсерлі видеороликтер көрсетті.Ұжымның керемет балабақшалары бар екен. Барлық жағдай жасалған. Бұйыртса, баламды осы балабақшағаапарыпкөремін. Ал, ұйымдастырушыларғаүлкен рахмет айтамын,-деп өз алғысын білдірді.Ерекшебалаларқашандаерекшеқарым-қатынастыкүтеді,олардыңәлемінтүсінгенімізді қалайды. Баланың тілін балаша тауып қана қоймай, оны қоғамға ересектерше бейімдеуүлкен күш-жігерді талапетеді. Бүгінде ауданымызда осындай ерекшеблалардың аналары өз бетінше ем іздеп, түрліорталықтардың есігін қағып, мамандардыңкөмегіне жүгініп жүр. Жуырда өзара ортақ чаттарын ашып, қажет мәліметтерді сонда бөлісіпте отырады. Ерекше бала бір ғана ананың емес,қоғамның қамқорлығына мұқтаж. Олардың өзқатарынан қалмай тәрбиеленуі үшін барын салып жүрген аналарға қолдау білдіріп, осындайтегін оқу-кеңестерін жиі өткізу тек пайдасыналып келері сөзсіз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT