Бабалардан жеткен ұлы сый

Алға орта мектебінде осындай тақырыпта тарихи кеш болып өтті.

Сынып жетекшісі Г.Сұлтанғалиева ұйымдастырған шараның мақсаты – оқушыларды ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу болды.

Кеш «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» көрінісімен басталды. Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білген жастар туралы «Желтоқсан» бейнефильмі көрсетілді. Сонымен қатар ұлдар тобының орындауында «Қазақстан бақытты» әні, Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» көркемсөзі, Батырлар ұраны, "Еділ мен Жайық", "Тәуелсіз қазақтың қызымын" әндері шырқалып, қыздардың «Оймақ» биімен ұштасты.

Тәрбиелік шарада кітапхана меңгерушісі Р. Кушенова ауылдық кітапханамен біріккен түрде «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, көрменің мақсаты және бөлімдерімен таныстырды. Бұл кешке мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Ізтілеуова және мұғалімдер қатысып, өз ой- пікірлерін ортаға салды.

А.КЕҢЕСОВА,

Алға орта мектебі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521