Бақсайлық Әбеновтер отбасы – сайыс жеңімпазы⠀ ⠀

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бұрын-соңды өткен сайыстардан өзгеше отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Олай дейтін себебіміз, оған осыдан тура отыз жыл бұрын яғни, 1991 жылы шаңырақ көтерген отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты.

Тура отыз жыл бұрын олардың тағдыры бір арнаға тоғысты. 1991 жылы күйеу жігіт пен қалыңдық атанып, шағын мемлекеттің негізін қалаған олар бүгінде ұл-қыздарын тәрбиелеп өсіріп, ұрпағынан тараған немере-жиендерінің ата-әжесі атанып отыр. Отбасылық ғұмырдың қызығы мен қиындығын бірге көріп, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметтің арқасында інжу тойға қадам басып отырған отбасылар сахна төріне шақырылды.

307ca435-30f2-49ac-a81b-5ed216990ef7

Атап айтсақ, Жалғансай ауылдық округінен Жарқын Шыниязов пен Жанар Саханова, Махамбет ауылдық округінен Теміржан Төлеуов пен Бибігүл Каршагина, Есбол ауылдық округінен  Болатқали Хамзин мен Қалампыр Хамзина, Бақсай ауылдық округінен Рахметжан Әбенов пен Гүлмира Нәутиевалар қатысып, өз белсенділіктерін көрсете білді.

«Әуенді тап!» отбасылық сайысының алғашқы бөлімінде қатысушыларға ретро, кино, мультфильм, той әуендері жасырылып, онда өз қатарластарынан бақсайлық Әбеновтер отбасы оқ бойы озық шықты. Елімізге танымал композиторлардың әуендері жасырылған сайыстың екінші айналымында тапқырлығы мен шапшаңдықтарының арқасында Шыниязовтар мен Әбеновтер отбасы ақтық кезеңге жолдама алды.

5448b639-ada1-4f74-b75d-b53ac8b83b9a

Сайыстың алдыңғы екі кезеңінен сүрінбей өткен жүйріктердің ақтық сайыста сыналар сәті туды. Бұл бөлімнің ережесіне сәйкес экран арқылы әр түрлі тақырыптар бойынша жасырылған әуенді ең аз нотадан тапқан қатысушы ұпай еншілейді. Сөйтіп, бұл кезең бойынша Әбеновтер отбасы жоғары ұпайды иеленіп, сайыстың жеңімпазы атанды. Алайда «супер ойында» сүрініп,  ақшалай сыйлықты еншілей алмады. 

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT