Кәсіпкерлер де игі істен шет қалып жатқан жоқ.
Жомарт кәсіпкерлер шаруасын дөңгелетіп қана қоймай қайырымдылықты да ұмытпаған. Бүгін Махамбет ауданында аз қамтылған отбасыларға тегін жұмыртқа таратылды.
- Аталған қайырымдылық шарасы аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мерекелерге орай “Алмалы Құс” ЖШС демеуші ретінде ауданның аз қамтылған отбасыларына еріктілер арқылы жұмыртқа таратты. Бұл ізгілікті іс алға қарай да жалғасатын болады,- дейді аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жексенбай Пазулов.
«Жайық-Ақпарат»
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

