Автокөліксіз бір күн акциясы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде 2024 жылғы 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» онлайн челленджін өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты қазақстандықтар арасында зиянды заттар шығарындыларын азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жеке автокөліктен бас тарту болып табылады.

Осыған байланысты, осы акцияны қолдауды және келесіні қамтамасыз етуді сұраймыз:
- волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, бизнес және басқа да ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, челлендж өткізу;
- іс-шараларды өткізу туралы өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялауды ұйымдастыру;
- қатысушылардың жеке әлеуметтік желілерінде #ДеньБезАвтомобиля бірыңғай хэштегін пайдаланып фото және бейне материалдарды жариялау және                                   @birgemiz_taza_alem2022 парақшаны белгілеу.

Халықты челлендж туралы ақпараттандыру бойынша бірыңғай тәсіл мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде тираждау үшін баннерлердің эскиздері жолданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT