Ауылдастар,баршаңызды осынау сынақ мерзімінде бір болуға шақырамыз!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қазіргі уақытта дүние жүзіне жайылған бұл індет адамзат баласына қауіп төндіріп тұр! Қазіргі таңда аудан аумағында аурудың таралмауы үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мекемелерден залалсыздандыруға бейімделген арнайы автокөліктер тартылып, кесте бойынша ауылдық елді мекендерде жолдарды, көшелерді, балалар ойнайтын спорт алаңдарын, басқа да адамдар жиі болатын аумақтарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Залалсыздандыру автокөліктері ауданға қарасты барлық елді мекендерге келісілген тәртіппен бөлінген. Сонымен бірге аудандағы адам қабылдап, қызмет көрсетумен айналысатын мекемелер мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды (банк, Қазпошта, балабақшалар, ХҚКО, су тазарту нысандары т.б) залалсыздандыру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 1 стационарлық, 2 мобильдік посттар ашу мәселесі қолға алынды. Бұл нысандарда полиция және медицина қызметкерлері халықтың қауіпсіздігі үшін күні-түні жұмыс атқаратын болады.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кешкі уақыттарда оқушылардың қараусыз, еш негізсіз көшеде жүруіне тыйым салу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар жүріп жатыр.

Құрметті ауыл тұрғындары! Індеттің алдын алу және одан сақтану ауызбіршілікпен, түсіністікпен, бір-бірімізді қолдаумен ғана жүзеге асырылады.

Сондықтан баршаңызды осынау сынақ мерзімінде бір болуға шақырамыз!

Аудан әкімі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521