Жалғансай ауылдық округінің «Шалқыма» мәдениет үйінде Жалғансай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, жергілікті қоғамдастық мүшесі Есенғалиев Амангелді Құралбайұлы ауыл тұрғындарына жалпыұлттық референдумға байланысты түсінік жұмысын жүргізді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы референдум өткізу азаматтарға жалпымемлекеттік сипаттағы маңызды мәселе және ел тағдырын айқындау бойынша дауыс беруге тікелей қатысу мүмкіндігін іске асыруға мүмкіндік беретінін айта келіп, тұрғындарды қалыс қалмауға шақырды.
- Рас, осы отырған сіз бен біз ел өміріндегі, билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынаста оң өзгерістердің болғанын, мемлекетіміздің әділет аумағына айналғанын қалаймыз. Сол себепті, баршаңызды 5 маусымда өтететін референдумға бейжайлық танытпай, Конституцияға түзетулер енгізу үшін дауыс беруге шақырамын, - деді ол өз сөзінде.